Түсірілім 16 наурыз бен 22 сәуір аралығында өтті.
Украина аумағында 27 күн атыс.
Түсірілімге 120-дан астам актер және 700-ден астам сахна актері қатысты.
Қазір пост-өндіріс кезеңі жүріп жатыр.
Фильм 2023 жылдың қыркүйегінде дайын болады.
Украина аумағында 27 күн атыс.
Түсірілімге 120-дан астам актер және 700-ден астам сахна актері қатысты.
Қазір пост-өндіріс кезеңі жүріп жатыр.
Фильм 2023 жылдың қыркүйегінде дайын болады.
ЖОБА ТУРАЛЫ
Бұл жоба – нақты оқиғалар негізінде құрылған драма. Ресей әскерлері басып алған Украинаның Буча және басқа қалаларында болып жатқан оқиғалар 2022 жылдың сәуір айында белгілі болды. Біздің міндетіміз – бүкіл әлемге Украина халқының қасіреті туралы айтып жеткізу. Бұл фильмде оккупация кезінде Буча мен басқа да қалалардағы жүздеген украиндықтарды құтқарған қазақстандық саяси босқынның басынан кешкен оқиғалары баяндалады.Оқиғалар түгелімен Украина аумағында нақты оқиға орындарында түсіріледі.
Фильм 2022-2023 жылғы қыс айларында түсіріліп, 2023 жылғы көктемде көрсетіледі деп жоспарланып отыр.
Фильмді шығарушылар тобы жиналып, тамыз айында тизер түсірді.
Фильмнің бюджеті донаттар, демеушілер және тәуелсіз инвесторлар қаражаты есебінен қалыптаспақшы.
Бұл жобаның іске асуы Украинаға халықаралық аренада көмегін тигізері сөзсіз.
БАСТЫ КЕЙІПКЕР
Константин Гудаускас
Константин Гудаускас - литва еврей, Қазақстан азаматы, Украинада саяси баспана алып, Бучада тұратын белсенді азамат. Өзінің қазақстандық паспортының арқасында Ресей басқыншылығы басталған кезде-ақ Ресей әскерлері басып алған аумаққа өтіп, сол жерден бейбіт тұрғындарды шығаруға мүмкіндігі болады. Константин 203 адамды құтқарып қана қоймай, оккупация мен соғыс кезіндегі кісі өлтіру, тонау, зорлау секілді небір қасіреттерді өз көзімен көреді.
Көтерілген
376,472 $ out of 568,472 $
Жиі қойылатын сұрақтар
Қазіргі күні фильм бойынша жұмыс (дайындық) жүріп жатыр, түсірілімнің өзі дайындық пен қаржыландыруға қарай қыстың басына не ортасына жоспарланған.
Жобаға ең аз дегенде 568 472 $ қаражат керек. Егер қосымша қаражат көзі табылса, ол ақша постпродакшнға және жобаның визуалды бөлігін жақсартуға, сондай-ақ фильмді кинонарық пен фестивальдарда насихаттауға жұмсалатын болады.
Достарыңыз бен таныстарыңызға ақпарат таратыңыз. Жобаның сайтына және әлеуметтік желілеріне сілтеме жасаңыз. Егер сізде инвестор бола алатындай әлеуетті адамдар бар болса, бізге айтыңыз. Сайтта кері байланыс бар.
Продюсерлер жетіспейтін соманы демеушілерден, жеке инвесторлардан іздеп көреді немесе несие тартуға тырысады.
Жиналған ақша тікелей "БучаФільм" ААҚ компаниясының шотына түседі. Бұл кәсіпорын осы жобаны жүзеге асыру үшін арнайы құрылған. "Wayforpay" платформасымен шарт жасасқан да – дәл осы заңды тұлға. Фирма өз ақшасын жөнімен жұмсап, Украинаның салық органдарына есеп береді.
PayPal Украинада заңды тұлғаларға ақша алуға мүмкіндік бермей отыр, сондықтан жіберілген ақша продюсер әрі сценарист Александр Шурдың PayPal-іне түседі, сол жерден ол транш түрінде "БучаФільм" ААҚ шотына аударылады, ол туралы есептер қоса ұсынылады.
Ресейдің Украинаға қарсы соғысы әлі де жалғасып жатқан соң, басқыншылық қасіретін өзге аумақтар да бастарынан кешіруде. Біз басқа елдер мен олардың саяси көшбасшыларының өз бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен Украинаны қолдауын тоқтатпай, қайта күшейте түсуі үшін бұл туралы ақпаратты мүмкіндігінше көп адамға жеткізуді маңызды деп санаймыз.
Фильмді жасаушылар фильм соңындағы титрларда өзін атауды қалаған барлық меценаттардың аты-жөнін жазып көрсетеді.
Фильм 2023 жылдың көктемінде шығады деп жоспарланып отыр, алайда оның дәл қашан шығатыны жөнінде дөп басып айту қиын, өйткені қажетті соманың қашан жиналатыны, сонымен қатар түсірілімге елдегі әскери жағдайдың қалай әсер ететіні белгісіз.
Фильмді ең алдымен кейбір ірі кинофестивальдерде көрсетіп, содан кейін дистрибьюторлар немесе стримингтік платформалар арқылы прокатқа кеңінен шығару жоспарлануда. Қазіргі уақытта оны жеке немесе алдын-ала тамашалау мүмкіндігі бар-жоғы белгісіз, себебі ол заң тұрғысында жасасқан келісімдерге байланысты болмақ.